---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/02/elordada-qurylys-awmaghyndaghy-ashanada-gaz-ballony-zharyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елордада құрылыс аумағындағы асханада газ баллоны жарылды

![Елордада құрылыс аумағындағы асханада газ баллоны жарылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201201235911758e.png)

**Елордада құрылыс аумағындағы асхана ретінде жабдықталған контейнер өртенді, деп хабарлайды****Qazaqpress**** ****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

> «1 желтоқсан күні сағат 22:14-те елорданың ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне А.Байтұрсынов көшесіндегі 43/2-үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін сонда жетті. Олар жаңа құрылыс аумағында шамамен 150 шаршы метр аумақта асхана ретінде жабдықталған контейнер жанып жатқанын анықтады. Сондай-ақ, асхана жанындағы ағаш құрылғылар да өртене бастаған», делінген хабарламада.

Қазіргі болжам бойынша газ баллоны жарылған. Өрт сөндірушілер асханадан 4 газ баллонын алып шықты. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, сағат 22-50-де толық сөндірілді.

Қазір мамандар өрттің шығу себебі анықтауға кірісті. Өртті сөндіруге 4 техника және жеке құрамнан 23 адам жұмыс істеді.

---

Жарияланды: 2020-12-01T18:56:54+06:00

Жаңартылды: 2020-12-01T18:56:54+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/02/elordada-qurylys-awmaghyndaghy-ashanada-gaz-ballony-zharyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.