---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/01/toqaev-mirziyoevpen-telefon-arqyly-soejlesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

![Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/070ffe393971fc5c9a3ec8c49cb9e6b2.jpg)

**Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, еліміздің дамуы баянды және халықаралық қауымдастықтағы мерейінің лайым үстем болуына тілектестігін білдірді, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы достық пен бауырластыққа, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды әрі қарай нығайтуға мүдделіліктерін растады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев күн тәртібіндегі өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биылғы жылдың аяғына дейінгі іс-шараларды талқылады.

---

Жарияланды: 2020-12-01T13:26:02+06:00

Жаңартылды: 2020-12-01T13:38:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/01/toqaev-mirziyoevpen-telefon-arqyly-soejlesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.