---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/01/shymkentte-300-adamgha-zhasyryn-toj-zhasaghandar-anyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкентте 300 адамға жасырын той жасағандар анықталды

![Шымкентте 300 адамға жасырын той жасағандар анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/a13c50fa-4318-4d15-8536-8f137af10383.jpeg)

**Шымкентте тойхана есігін жауып, 300 адамға жиын ұйымдастырғандар анықталды, деп хабарлайды** **Qazaqpress****Polisia.kz-ке с****ілтеме жасап.**

Шымкентте демалыс күндері той-жиын ұйымдастырғандар анықталды. Карантин талаптарын елемегендер Абай ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралардың барысында анықталды. Мәселен, Шымкент қаласы Жиделі Байсын көшесінің бойында орналасқан «Гранд Сұлтан» тойханасының үш бірдей залында той-жиын ұйымдастырылғаны белгілі болды. Құрамында полицейлер мен аудандық әкімдік өкілдері бар мобильді топ өкілдері келген де ғимараттың есігі жабық тұрған. Алайда бұл кезде нысанның үш бірдей үлкен залында дүбірлі той болып жатқан музыканың дауысы шығып тұрған еді. Құзырлы орган қызметкерлері ақыры тойхана есігін ашып, қонақтарды тарқатты. Ал, карантин талаптарын өрескел бұзған тойхана иесінен түсініктеме алынды. Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен шара көру үшін Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды.

---

Жарияланды: 2020-12-01T08:31:07+06:00

Жаңартылды: 2020-12-01T13:40:01+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/01/shymkentte-300-adamgha-zhasyryn-toj-zhasaghandar-anyqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.