Қасым-Жомарт Тоқаев Қарақат Башанованы құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарақат Башанованы құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар Евровидениесі – 2020» финалының қатысушысы Қарақат Башанованы құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress.

«Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі ІІ-орынды иеленді. Оның өнері әлемнің әр түкпіріндегі миллиондаған көрерменге ұнады. Қарақатқа жаңа шығармашылық табыс тілеймін!», — деп жазды Тоқаев Твиттерде.

Еске салсақ, Қарақат Башанова Junior Eurovision байқауында екінші орын алды.