---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/01/iim-turghymbaevty-aeshkerelejtin-habarlamagha-qatysty-pikir-bildirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ІІМ Тұрғымбаевты әшкерелейтін хабарламаға қатысты пікір білдірді

![ІІМ Тұрғымбаевты әшкерелейтін хабарламаға қатысты пікір білдірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201201165451904e.jpg)

**Мессенджерлерде полиция полковнигі Тұрлыбек Ахметовтің атынан жазылған хабарлама тарап жатыр****, деп хабарлайды****Qazaqpress Stopfake.kz-ке****с****ілтеме жасап.**

Мәтін авторы ІІМ вице-министрі болып тағайындалмаса, әшкерелейтін хабарламаны жариялаймын деп жазған. Министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Хабарламада ІІМ-нің қазіргі қызметкерлері Тұрлыбек Ахметов пен Сергей Варгоның аты-жөні көрсетілген, бірақ олардың бұған еш қатысы жоқ.

> «30 қарашада ІІМ қызметкерлері Т.Ахметов пен С.Варго әлеуметтік желілерде олардың есімдерін пайдаланып, шындыққа жанаспайтын, жала таққан мәліметтерді жариялаған адамдарды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазды.
> 
> 
> 
> 
> Аталған факті бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады және БАҚ-та көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдануда», – делінген ІІМ ресми хабарламасында.

---

Жарияланды: 2020-12-01T13:34:32+06:00

Жаңартылды: 2020-12-01T13:37:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/01/iim-turghymbaevty-aeshkerelejtin-habarlamagha-qatysty-pikir-bildirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.