---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/12/01/bqo-da-25-myngnan-astam-kiik-muejizi-taerkilendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# БҚО-да 2,5 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді

![БҚО-да 2,5 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/201201131126042a3725086i.jpg)

**Батыс Қазақстан облысында «Киік» жедел алдын алу шаралары басталды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 1-31 желтоқсан аралығында өткізілетін шара мақсаты – киіктерге қатысты браконьерлік деректерді анықтау және олардың алдын алу, киік мүйіздерінің заңсыз айналымына тосқауыл қою.

Жыл басынан бері өңірде 37 қылмыстық іс тіркелсе, соның алтауы заңсыз аулау, 31-і сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолданғаны үшін қозғалды.

Қылмыстық істерді сотта қарау барысында 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың жекелегені бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуде.

Құқық бұзушылардан 2,5 мыңнан астам мүйіз тәркіленіп, 480-нен астам атылған киік ұшасы табылды.

---

Жарияланды: 2020-12-01T10:45:26+06:00

Жаңартылды: 2020-12-01T10:45:26+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/12/01/bqo-da-25-myngnan-astam-kiik-muejizi-taerkilendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.