---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/30/talghar-qalasynyng-aekimi-zhangadan-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Талғар қаласының әкімі жаңадан тағайындалды

![Талғар қаласының әкімі жаңадан тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/2020113014223489431_2020113014114919365_talgar_akimat_128425.jpg)

**Алматы облысы, Талғар ауданы әкімінің өкімімен Талғар қаласының әкімі лауазымына Нұрмұханбет Айдар Болатбайұлы тағайындалды**, **деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz****сілтеме жасап. **

Айдар Болатбайұлы 1979 жылы 29 маусымда Қапшағай қаласында дүниеге келген.

2006 жылы Дінмұхамбет Қонаев атындағы университетті «құқықтану» мамандығы, 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек еткен жылдары әкімдікте, сол секілді әділет саласында түрлі лауазымда қызметтер атқарған. Ол 2017 жылдан 2020 жылға дейін Талғар аудандық әділет басқармасының бастығы болды, ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбекшіқазақ ауданаралық әділет басқармасының бастығы қызметін атқарды.

---

Жарияланды: 2020-11-30T09:47:20+06:00

Жаңартылды: 2020-11-30T09:47:20+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/30/talghar-qalasynyng-aekimi-zhangadan-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.