---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/30/saran-qalasynda-eki-zhasoespirim-urlyqqa-tuesken/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Саран қаласында екі жасөспірім ұрлыққа түскен

![Саран қаласында екі жасөспірім ұрлыққа түскен](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/190729190152909e.jpg)

**Қарағандыда бөтеннің мүлкін ұрлаған екі жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды****Qazaqpress****Polisia.kz** **сілтеме жасап.**

24 қарашада Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулердің оның үйінде болмағанын пайдаланып, сыртқы есіктің құлыбын ашып кіріп, үйіне ұрлыққа түскендігі туралы шағымданды.

Күдіктілер екі темір пешті ұрлап кетіп, үйді жылусыз қалдырған. Келтірілген шығын 50 мың теңгені құрады.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

28 қарашада полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар 17 жастағы екі жасөспірімді ұстады. Олардан айғақ заттар алынды.

---

Жарияланды: 2020-11-30T11:09:30+06:00

Жаңартылды: 2020-11-30T11:09:30+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/30/saran-qalasynda-eki-zhasoespirim-urlyqqa-tuesken/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.