---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/30/junior-eurovision-2020-bajqawynda-qaraqat-bashanova-ekinshi-oryn-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Junior Eurovision 2020 байқауында Қарақат Башанова екінші орын алды

![Junior Eurovision 2020 байқауында Қарақат Башанова екінші орын алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/karakat4-1-2-1024x576-1.jpg)

**Junior Eurovision XVIII ән байқауында Қазақстан намысын қорғаған Қарақат Башанова екінші орын алды****, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Ол осы байқауда «Forever» әнін шырқаған еді.

Францияның атынан қатысқан Валентинаға бірінші орын бұйырса, үшінші орынды нидерландылық «Unity» тобы иеленді. 2020 жылғы Junior Eurovision байқауына Беларусь, Франция, Грузия, Қазақстан, Мальта, Нидерланды, Ресей, Сербия, Испания, Украина, Польша және Германия елдерінің өкілдері қатысты.

Пандемияға байланысты тікелей эфир кезінде шоу жүргізушілері Польшада болды. Еуропалық хабар тарату одағы (ЕВС) биыл жыл сайынғы «Junior Eurovision 2020» халықаралық ән байқауының финалы жаңа форматта ұсынылатынын жариялады.

Бұл шешімнің басты себебі — COVID-19 пандемиясы. Барлық финалистердің денсаулығын сақтау мақсатында байқауда орындалуға тиісті әндер сайысқа қатысушы елдің жергілікті студиясында орындалды.

Айта кетейік, ересектер арасында өтетін «Евровидениенің» тағы бір айырмашылығы, Junior Eurovision ән байқауына қатысушы елдерге өз өкілдерін қолдауға рұқсат етіледі.

18-ші Junior Eurovision ән байқауының жеңімпазы қазылар алқасының дауыс беруі және онлайн-дауыс беру арқылы анықталды. Дауыс беру жүйесі дәстүрлі негізде: 50% қазылар алқасының шешімі және 50% онлайн дауыс беру нәтижесіне байланысты.

Онлайн дауыс беру junioreurovision.tv сайтында 2 кезеңде өтті. Дауыс берудің бірінші кезеңі 28 қараша күні сағат 01:00-де ашылды және 29 қараша күні конкурс финалының тікелей көрсетілімі басталғанға дейін жалғасты. Дауыс берудің екінші кезеңі барлық қатысушылардың музыкалық қойылымынан кейін басталып, 15 минутқа созылды.

---

Жарияланды: 2020-11-29T18:32:01+06:00

Жаңартылды: 2020-11-29T18:32:01+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/30/junior-eurovision-2020-bajqawynda-qaraqat-bashanova-ekinshi-oryn-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.