Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress.
Оқыс оқиға 29 қараша күні Қазталов ауданы аумағында болды. «Волга» жүргізушісі «Лада Гранта» маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада Гранта» автокөлігінің үш жолаушысы ауыр жарақаттан көз жұмды. «Волга» жүргізушісі Қазталов аудандық ауруханасына жеткізілді.