---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/29/dimash-qudajbergen-viktoriya-mwzyka-bajqawynyng-finalyna-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Димаш Құдайберген «Виктория» музыка байқауының финалына шықты

![Димаш Құдайберген «Виктория» музыка байқауының финалына шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/191122231238338e.jpg)

**3 желтоқсанда Ресейдің «Виктория» ұлттық музыка сыйлығы тапсырылады,****деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпаратқа** **сілтеме жасап.**

Әнші Димаш Құдайберген байқаудың «Үздік поп әнші» аталымында Your love әнімен ұсынылған.

«Виктория» сыйлығын тапсыру рәсімі Кремль сарайында өтеді. Биылғы байқауда көрермен болмайды. Алайда концерттің телевизия нұсқасы 18 қаңтарда «Россия-1» телеарнасы көрсетеді.

«Виктория» сыйлығын ақын, меценат Михаил Гуцериев, композитор, продюсер Игорь Крутой, жазушы, медиа-менеджер Юрий Костиндер ұйымдастырған.

Финалға шыққандар «Үздік жыл әні», «Үздік поп әнші», «Үздік хип-хоп орындаушы», «Үздік рок-группа немес рок әнші», «Жыл композиторы», «Жыл ақыны» секілді 14 номинацияда бақ сынайды. Онда қазіргі заманауи музыканың барлық бағыты қамтылған.

2020 жылы әртістердің көбі онлайн концерт қоюға мәжбүр болды. Сондықтан ұйымдастыру комитеті «Жылдың онлайн концерті» деген аталым ашты.

Байқау сахнасына Niletto, Филипп Киркоров пен Dava, Полина Гагарина, Artik&Asti, «Виктория-2019» сыйлығының иегерлері Димаш Құдайберген мен Zivert; Николай Басков, Артем Качер, Polina және биыл әндері Ресейде хитке айналған өнерпаздар бар.

---

Жарияланды: 2020-11-29T10:44:40+06:00

Жаңартылды: 2020-11-29T10:44:40+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/29/dimash-qudajbergen-viktoriya-mwzyka-bajqawynyng-finalyna-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.