---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/28/tekeli-qalasyna-sanitarlyq-beket-qojylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Текелі қаласына санитарлық бекет қойылады

![Текелі қаласына санитарлық бекет қойылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/200723184219a3675999d.jpg)

**Алматы облысының Текелі қаласына 30 қарашадан бастап санитарлық бекет қойылады, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

Бұл туралы Текелі қаласының Бас санитария дәрігерінің 26 қарашада шыққан №249 қаулысында көрсетілген.

Санитарлық бекетте полиция қызметкерлері мен дәрігерлер қалаға кіріп-шыққандардың дене қызуын өлшеп, анкета толтырады.

Текелі қаласында соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам тіркелген. Қыркүйек айынан бастап бұл көрсеткіш 23 адамға жетті.

---

Жарияланды: 2020-11-28T15:03:19+06:00

Жаңартылды: 2020-11-28T15:03:19+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/28/tekeli-qalasyna-sanitarlyq-beket-qojylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.