---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/28/pavlodarlyq-turghyn-zholdaghy-bassyzdyghy-ueshin-aekimshilik-qamawgha-alyndy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Павлодарлық тұрғын жолдағы бассыздығы үшін әкімшілік қамауға алынды

![Павлодарлық тұрғын жолдағы бассыздығы үшін әкімшілік қамауға алынды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/ae7da7b69fc030bebc5f91d71ca26ee8.jpeg)

**Павлодар облысында жүргізуші ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды****Qazaqpress****Polisia.kz** **сілтеме жасап.**

> – 26 қарашада сағат 13.00-де Павлодар қаласы Ткачев көшесіндегі 18-үйдің тұрғындары полицияға қоңырау шалып, түрлі бұрылыстар жасай отырып, үлкен жылдамдықпен жүрген көлік жүргізушісінің іс-әрекеттеріне алаңдаушылық танытқан. Шақыру бойынша оқиға орнына келген полицейлер «Mercedes-Benz» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісін анықтады. Павлодарлық тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық)  бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа жолданды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, – деді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Павлодарлық азаматтың айтуынша, ол көңіл көтеру үшін қатты жылдамдықпен жүрген. Сот қаулысы бойынша тәртіп бұзушы екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Өз кезегінде тәртіп бұзушы өз әрекеттері үшін Павлодар қаласының тұрғындарынан кешірім сұрады.

<https://youtu.be/0abH973BgpI>

---

Жарияланды: 2020-11-28T08:34:41+06:00

Жаңартылды: 2020-11-28T08:34:41+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/28/pavlodarlyq-turghyn-zholdaghy-bassyzdyghy-ueshin-aekimshilik-qamawgha-alyndy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.