---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/28/daniyar-elewsinov-burynghy-aelem-chempionyn-tehnikalyq-nokawtpen-zhengdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионын техникалық нокаутпен жеңді

![Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионын техникалық нокаутпен жеңді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/2020112809451647641_eleusinov.jpg)

**Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

Американың Флорида штатындағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтіп жатқан бокс кешінде Данияр Елеусінов бұрынғы әлем чемпионы Джулиусо Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жекке шықты. Қос боксшы алғашқы раундты бірден қарқынды бастады. Арада аз уақыт өткенде қазақстандық боксшы қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді.

Екінші раундта Индонго сақ қимылдай бастады. Елеусінов шабуылын бәсеңдетпей, қарсыласын тағы да нокдаунға түсірді.

Осылайша, қарсылас жекпе-жектен бас тартып, қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Сондай-ақ, Елеусінов IBF Intercontinental титулын иеленді.

---

Жарияланды: 2020-11-28T08:30:07+06:00

Жаңартылды: 2020-11-28T08:30:07+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/28/daniyar-elewsinov-burynghy-aelem-chempionyn-tehnikalyq-nokawtpen-zhengdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.