---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/28/almaty-oblysynyng-shonzhy-awyly-karantinge-zhabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысының Шонжы ауылы карантинге жабылды

![Алматы облысының Шонжы ауылы карантинге жабылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/photo_315668.jpeg)

**Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында карантиндік шаралар күшейтілді****, деп хабарлайды****Qazaqpress**** ****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

Ұйғыр аудандық бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен елді мекенге кіретін жолдарға блокпостар қойылды.

Соңғы бір аптада бұл ауылда коронавирус жұқтырудың 21 жағдайы тіркелген. Шонжыға енді тек осы ауылда тіркелген тұрғындар, жұмыс істейтіндер мен маңызды қызметтердің өкілдері ғана кіре алады.

> «Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу және Ұйғыр ауданы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында аудан орталығы — Шонжы ауылының кіреберіс жерлеріне 4 блокпост қойылды. Бұған аймақта коронавирус жұқтырғандар санының күрт артуы себеп. Бүгінде Шонжы ауылының 21 тұрғынынан вирус анықталды. Олармен қарым-қатынаста болғандар үй жағдайында оқшауланып, індет ошағы залалсыздандырылды. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты әкімшілік аумақ бақылауға алынды. Тәртіп сақшылары мен дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын тексеріп, сауалнама жүргізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде», — делінген Алматы облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Қазіргі уақытта төрт блокпост өз жұмысын бастады.

Бір ескеретін жәйт, аудан аумағындағы ыстық су көздеріндегі туристік нысандар барлық санитарлық талаптармен жұмысын жалғастыра бермек.

---

Жарияланды: 2020-11-27T20:00:58+06:00

Жаңартылды: 2020-11-27T20:00:58+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/28/almaty-oblysynyng-shonzhy-awyly-karantinge-zhabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.