---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/27/taldyqorghangha-qarasty-erkin-awylynda-gaz-ballony-zharylyp-8-adam-zardap-shekti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

![Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/2011270106543290f.jpg)

**Талдықорғанға** **қарасты** **Еркін** **ауылында** **газ** **баллоны** **жарылып****,****сегіз** **адам** **зардап** **шекті****.****Оның** **үшеуі** **бала****,****деп****хабарлайды** **Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме** **жасап.**

Алматы облыстық баспасөз қызметінің мәліметінше, 26-қараша күні кешкі сағат 20:00 шамасында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне Талдықорған қаласының Еркін ауылы, Қазақстан көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде шағын газ баллоны (сыйымдылығы 5 литр) жарылды деген хабарлама келіп түсті. Жарылыс салдарынан өрт шыққан жоқ. Алайда тұрғын үйдің қабырғалары мен шатыры қирады.

> «Жарылыс салдарынан 8 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді. Алдын-ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қоюы жарылысқа себеп болған»,- делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД 28 қызметкері, 8 техникасы, 8 жедел жәрдем бригадасы, полиция, газ қызметі және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеді. Сондай-ақ зардап шеккендердің туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін Алматы облысы ТЖД-ның екі психолог маманы жұмылдырылды.

Алматы облысы ТЖД азаматтардан газ баллондарын пайдалану және қолдану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

---

Жарияланды: 2020-11-26T20:07:22+06:00

Жаңартылды: 2020-11-26T20:07:22+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/27/taldyqorghangha-qarasty-erkin-awylynda-gaz-ballony-zharylyp-8-adam-zardap-shekti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.