---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/27/qyzylorda-oblysynda-8-oqwshy-koronavirws-zhuqtyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қызылорда облысында 8 оқушы коронавирус жұқтырды

![Қызылорда облысында 8 оқушы коронавирус жұқтырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/ui-5f9e6e4b1dc4c9.30546933-1.jpeg)

**Қызылорда облысында жаңа оқу жылында 8 оқушы коронавиус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды [Qazaqpress](http://Qazaqpress).**

Бүгінгі күнге дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 3289 адам тіркеуге алынған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар — 192, 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер −55 адам. Жаңа оқу жылында облыста 8 оқушы коронавиус инфекциясын жұқтырды.

Оның біреуі денсаулық жағдайына байланысты үйден оқитын, 2005 жылы дүниеге келген Қармақшы ауданының тұрғыны болса, қалғаны қашықтан білім алады. Мектепте қатерлі індетті жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.

> «Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 11 қарашадағы № 26 қаулысына сәйкес 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде, сыныптағы балалар санын 15 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат берілген. Сондай-ақ, ата-аналар өтініші бойынша сыныптағы оқушы санын 15 баладан асырмай, жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан 5 сынып бойынша оқытуға болады. Ал халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат берілді», — деді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Ведомство мәліметінше, қаулыға сәйкес облыста дәстүрлі форматта оқытуға қосымша 47 мектеп көшкен. Биылғы оқу жылының екінші тоқсанында облыс бойынша 121 мектепте 19 314 оқушы дәстүрлі форматта білім алса, 179 мектепте 117 190 оқушы қашықтан оқытылуда.

*Түпнұсқасы: [ҚазАқпарат](https://www.inform.kz/kz/kyzylorda-oblysynda-8-okushy-koronavius-zhuktyrdy_a3723940)*

---

Жарияланды: 2020-11-27T11:52:56+06:00

Жаңартылды: 2020-11-27T11:52:56+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/27/qyzylorda-oblysynda-8-oqwshy-koronavirws-zhuqtyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.