---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/27/qazaqstanda-kvi-zhuqtyrghandardyng-sany-uesh-ese-oesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда КВИ жұқтырғандардың саны үш есе өсті

![Қазақстанда КВИ жұқтырғандардың саны үш есе өсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/main40374394_7c311060d1fec07706a34c35c1b05cb3-1.jpg)

**Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят коронавирустың таралуы жағынан Қазақстан орташа қауіпті деңгейде тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды [Qazaqpress](http://Qazaqpress).**

> «27 қарашадағы жағдай бойынша республикамыз орташа қауіпті аймақта тұр. Қауіпті бес өңірге қатаң шектеу шаралары енгізілген. Олар: ШҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары. Алматы қаласында да вирус жұқтырғандар өсуде. Қалған өңірлер жасыл аймақта болғанымен, коронавирус аурулары ол аймақтарда да тіркелуде. Республикада қазанмен салыстырғанда қарашада КВИ-ге шалдыққандар 3,7 есе өскен. Еліміздегі барлық жағдайдың 70 пайызы – қызыл аймақта тұрған бес өңірлеріне тиесілі», — деді Ажар Ғинаят Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, аймақ әкімдері қоғамдық тамақтану орындарына келушілердің санын шектеу, кәсіпкерлік және өзге де қызмет нысандарының жұмыс кестесін қысқартуға, демалыс күндері қоғамдық көліктердің қозғалысын тоқтату сынды қатаң шараларды қабылдаған.

Ал Шығыс Қазақстанда қазан айының ортасынан бастап енгізілген шектеу шараларына байланысты қарашаның екінші онкүндігінде сырқаттанушылар саны сәл төмендеген.

*Түпнұсқасы: [ҚазАқпарат](https://kaz.nur.kz/society/1886844-almatyda-policej-kylmystyk-isti-toktatkany-sin-27-my-dollar-para-algan/)*

---

Жарияланды: 2020-11-27T11:12:53+06:00

Жаңартылды: 2020-11-27T11:12:53+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/27/qazaqstanda-kvi-zhuqtyrghandardyng-sany-uesh-ese-oesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.