---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/27/qazaqstanda-124-saebi-koronavirwsty-anasynan-zhuqtyrghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда 124 сәби коронавирусты анасынан жұқтырған

![Қазақстанда 124 сәби коронавирусты анасынан жұқтырған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/koronavirus-obnaruzhili-u-novorozhdennogo-rebenkav-v-londone-_-baigenews.kz_.jpg)

**Қазақстанда COVID-19 вирусынан қанша жүкті әйел емделіп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят хабарлады.**

Баспасөз мәслихатында айтылғандай, пандемия басталғалы 8 800 жүкті әйел коронавирус жұқтырып алған.

> «Қазіргі уақытта 247 әйел стационарда емделіп жатыр. Елде баланың құрсақта жатқан кезінде коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Тек дүниеге келгеннен кейін анасымен бір төсекте жатқан 124 сәби бір аптаның ішінде коронавирус жұқтырып алған. Алайда ауру симптомсыз дәрежеде өтеді. Біз тек диагноз арқылы олардың коронавирус жұқтырғанын анықтап отырдық», — деді Ажар Ғинаят.

*Түпнұсқасы: [ҚазАқпарат ](https://www.inform.kz/kz/elimizdi-zhana-tugan-124-sabi-koronavirusty-anasynan-zhuktyrgan_a3724036)*

---

Жарияланды: 2020-11-27T13:28:50+06:00

Жаңартылды: 2020-11-27T13:28:50+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/27/qazaqstanda-124-saebi-koronavirwsty-anasynan-zhuqtyrghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.