---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/27/qazaqstanda-1-qyrkuejekten-bastap-165-mektep-karantinge-zhabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап 165 мектеп карантинге жабылды

![Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап 165 мектеп карантинге жабылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/k700.jpg)

**ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова 1 қыркүйектен бастап елде 165 мектеп карантинге жабылғанын мәлім етті, деп хабарлайды [Qazaqpress](http://Qazaqpress).**

«Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап елде 165 мектеп жабылды. Қазіргі таңда 66 мектеп әлі де жабық тұр. Карантин кезеңінде мектеп 14 күнге жабылады. Бұл – ең аз инкубациялық кезең. Егер бір сыныпта коронавирус жұқтырған бірнеше адам анықталса, инкубациялық кезең ең соңғы тіркелген оқушыдан бастап есептеледі. Яғни, мектептер ең аз дегенде 14 күнге жабылады», — деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

*Түпнұсқасы: [ҚазАқпарат](https://www.inform.kz/kz/elimizde-1-kyrkuyekten-bastap-165-mektep-karantinge-zhabylgan_a3724014)*

---

Жарияланды: 2020-11-27T12:28:05+06:00

Жаңартылды: 2020-11-27T12:28:05+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/27/qazaqstanda-1-qyrkuejekten-bastap-165-mektep-karantinge-zhabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.