---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/27/almatyda-qylmystyq-isti-toqtatany-ueshin-27-myng-dollar-para-alghan-policej-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 27 мың доллар пара алған полицей ұсталды

![Алматыда қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 27 мың доллар пара алған полицей ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/unnamed-4.jpg)

**Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алматылық полицейге шыққан сот үкімін хабарлады. Тергеушіге 27 мың доллар сомасында пара алды деген айып тағылған, деп хабарлайды [Qazaqpress](http://Qazaqpress).**

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаменті бастығы Нұрлан Жақсымбетовтің хабарлауынша, Алматы қаласы Медеу аудандық соты қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 26800 доллар пара алған ПБ тергеушісін кінәлі деп таныған.

Тәртіп сақшысы Call-орталыққа хабарласқан азаматтың арызынан кейін ұсталған.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте тағы бір жемқорлық іске қатысты үкімді жариялады.

Жер учаскелерін заңсыз сатқаны үшін «Көкшетау » мемлекеттік табиғи ұлттық паркі» филиалының директоры сотталды. Оған 23,4 млн теңге айыппұл салынды және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Сол бап бойынша ұлттық парктің қорықшысы 3 жылға бас бостандығынан шектелді.

*Түпнұсқасы: [kaz.nur.kz](https://kaz.nur.kz/society/1886844-almatyda-policej-kylmystyk-isti-toktatkany-sin-27-my-dollar-para-algan/)*

---

Жарияланды: 2020-11-27T10:58:26+06:00

Жаңартылды: 2020-11-27T10:59:14+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/27/almatyda-qylmystyq-isti-toqtatany-ueshin-27-myng-dollar-para-alghan-policej-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.