Әлемге әйгілі футболшы Диего Марадона дүниеден өтті

Әлемге әйгілі футболшы Диего Марадона дүниеден өтті

Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны және бас бапкері Диего Армандо Марадона қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqpress

Әлемдік футболы жұлдызының жүрегі тоқтап қалған.

Марадона өз мансабында «Архентинос Хуниорс», «Бока Хуниорс», «Барселона», «Наполи», «Севилья», «Ньюэллс Олд Бойз» клубтарында ойнаған. Аргентина құрамасы үшін 91 матч өткізіп, 34 гол соқты. 1986 жылы Әлем Чемпионы және 1990 жылы вице-чемпион атанды.