---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/25/toqaev-memlekettik-organdardyng-qyzmeti-ashyq-aeri-uenemi-qoghamnyng-baqylawynda-bolwy-kerek/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев: Мемлекеттік органдардың қызметі ашық әрі үнемі қоғамның бақылауында болуы керек

![Тоқаев: Мемлекеттік органдардың қызметі ашық әрі үнемі қоғамның бақылауында болуы керек](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/photo_287277.jpg)

**Мемлекеттік органдардың қызметі ашық және тұрақты түрде бақылауда болуы керек, деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының ХХ съезінде**, **деп хабарлайды ****Zakon.kz.**

> — Біздің беретін басты басымдық — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Бұл — науқаншылдық емес, байыпты әрі дәйекті іс. Мемлекеттік органдардың қызметі ашық әрі үнемі қоғамның бақылауында болуы керек, — деді Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы волонтерлықты және үкіметтік емес секторды жан-жақты қолдау — еліміздің тұрақты дамуының кепілі екенін атап өтті.

> — Қоғам мен азаматтық сектор мемлекет қызметінің барлық негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау процесінің толыққанды қатысушысы болуы керек. Сонымен қатар, партия жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын белсенді насихаттайтын болады. Оның құрамына ауыл әкімдерін сайлау, қоғамның қатысысуындағы бюджет және жергілікті билік органдарын қоғам тарапынан бақылау кіреді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау мұнымен тоқтап қалмайды. Пайдалы нәтижелерге қол жеткізген соң да партия осы саладағы тиімді дамумен ары қарай да айналысады, деп сендірді Қазақстан Президенті.

---

Жарияланды: 2020-11-25T09:13:49+06:00

Жаңартылды: 2020-11-25T09:13:49+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/25/toqaev-memlekettik-organdardyng-qyzmeti-ashyq-aeri-uenemi-qoghamnyng-baqylawynda-bolwy-kerek/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.