---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/25/qazaqstandyq-imanbek-zejkenov-gremmi-syjlyghyna-uemitker-atandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандық Иманбек Зейкенов «Грэмми» сыйлығына үміткер атанды

![Қазақстандық Иманбек Зейкенов «Грэмми» сыйлығына үміткер атанды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/1573751204614.jpg)

**Қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Roses (SAINt JHN) әніне ремиксі «Грэмми» (Grammy) сыйлығына үміткер атанды.**

Айта кетейік, Иманбек «Грэммиге» үміткер алғашқы қазақстандық болып отыр. Оның ремиксі YouTube желісінде 117 миллион рет қаралған.

Ол ремикс жазған ән хитке айналып, 20 аптадан аса уақыт бойы Billboard Hot 100 чартында үздік 10-дықта тұрды. Ремикс Apple Music-тің үздік ондығана кірген. Shazam қосымшасында 22 миллион қаралым жинаған, «Яндекс. Музыка» чартында ұзақ уақыт бойы бірінші орында болды.

Трек бірнеше чартта, оның ішінде АҚШ және Ұлыбританияның чарттарында Тhe Weeknd, Dua Lipa, Billie Eillish, Roddy Ricch және Justin Bieber секілді әншілерден озып, үздік атанды.

Иманбек танымал болғанға дейін Павлодар облысында (Ақсу) теміржолшы болып жұмыс істеген. Музыканың жаңа қырын өзі үйренген. Айтуынша, ол теміржолдан баяғыда кеткен және қазір шығармашылықпен айналысады.

---

Жарияланды: 2020-11-25T14:20:32+06:00

Жаңартылды: 2020-11-25T14:20:32+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/), [Әлем](https://qazaqpress.kz/category/%d3%99lem/), [Өмір салты](https://qazaqpress.kz/category/%d3%a9mir-salty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/25/qazaqstandyq-imanbek-zejkenov-gremmi-syjlyghyna-uemitker-atandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.