---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/25/almatyda-taghy-birneshe-aghash-zangsyz-kesildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда тағы бірнеше ағаш заңсыз кесілді

![Алматыда тағы бірнеше ағаш заңсыз кесілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/2068e986a66ab2bdb4398cdd9af2b1ba.jpg)

**Алматыдағы «Көктем-2» шағынауданында бірнеше ағаш заңсыз кесілді. Бұл туралы Жасыл экономика басқармасы хабарлады.**

Бұл жолы Тимирязев көшесінің бойында орналасқан «KFC» жылдам тамақтану желісі маңында төрт қарағашты заңсыз кесіп тастау фактісі анықталды.

Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасынан атап өткендей, аталған мекенжай бойынша ағаш кесуге өтініш түскен жоқ және ешқандай рұқсат берілмеген.

> «Дүйсенбі күні Алматы Полиция департаментімен бірге жер учаскесінің иесі Р.Есенғалиевке қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 386-бабы (Жасыл аймақтарды күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды және заңға сәйкес 15 АЕК айыппұл салынды», — деп хабарлады басқармадан.

Өтемақы ретінде жалпы пайдалану орындарында 40 жапырақты көшет отырғызылатын болады.

*Түпнұсқасы: [ҚазАқпарат](https://www.inform.kz/kz/almatyda-tagy-birneshe-agash-zansyz-kesildi_a3722995)*

---

Жарияланды: 2020-11-25T11:13:16+06:00

Жаңартылды: 2020-11-25T11:13:16+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/25/almatyda-taghy-birneshe-aghash-zangsyz-kesildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.