---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/24/toqaev-almatyda-aghashtardy-kesken-kinaelilerdi-zhawapkershilikke-tartwdy-tapsyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Алматыда ағаштарды кескен кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

![Тоқаев Алматыда ағаштарды кескен кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/15_main.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды, деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

> «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды.
> 
> 
> 
> 
> Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын», — деп жазды Берік Уәли.

Еске салайық, 23 қараша күні алматылықтар Төле би көшесінің Sulpak дүкені орналасқан жерде оншақты ағаштың араланғанын анықтап, әлеуметтік желіде дүкенге бойкот жариялаған.

---

Жарияланды: 2020-11-24T05:56:32+06:00

Жаңартылды: 2020-11-24T05:58:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/24/toqaev-almatyda-aghashtardy-kesken-kinaelilerdi-zhawapkershilikke-tartwdy-tapsyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.