---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/24/qazaqstanda-16-mynggha-zhwyq-sheteldik-azamat-zhumys-istep-zhuer/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда 16 мыңға жуық шетелдік азамат жұмыс істеп жүр

![Қазақстанда 16 мыңға жуық шетелдік азамат жұмыс істеп жүр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/200117175725602a3604851i.jpg)

**2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 15 832 шетелдік азамат еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Qazaqpress  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.**

> «Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 658 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 430 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 302 адам және 1 058 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 728 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1 656 адам тартылды», — делінген хабарламада.

Еңбекші мигранттардың негізгі шығу елдері: Қытай (3459 адам), Өзбекстан (1 693 адам), Түркия (1 621 адам), Үндістан (1 145 адам), Ұлыбритания (1 038 адам).

---

Жарияланды: 2020-11-24T08:43:28+06:00

Жаңартылды: 2020-11-24T08:43:28+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/24/qazaqstanda-16-mynggha-zhwyq-sheteldik-azamat-zhumys-istep-zhuer/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.