---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/24/atyraw-oblysynda-mal-qyrylyp-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырау облысында мал қырылып жатыр

![Атырау облысында мал қырылып жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/e28635bb4cf209cd80cf81e2f241e856_l.jpg)

**Атырау облысына қарасты Индер ауданында белгісіз себептермен мал қырылуда, деп хабарлайды Qazaqpress КТК арнасына сілтеме жасап.**

Жарсуат және Құрылыс ауылында өлген малдың жалпы саны 20-ға жуықтаған. Бұл көрсеткіш әлі де өсіп келеді.

**Лаура Қапашева, Жарсуат ауылының тұрғыны:  **

> -Кеше біреуі өлді. Шығарып тастадық. Енді міне екіншісі, бұл да іші де жүрмейді. Тұрғаны тұрған.

Тұрғындар сиырдың қырылуын пияздан, дәлірек айтқанда сол пиязға шашылған дәріні жеп өлді деген сенімде. Бірақ шаруа қожалығының басшысы мұны жоққа шығарды.

**Мұфтолла Құлбасов, шаруа қожалығының басшысы:**

> — Ол су ішпегеннен өлді! Ана пиязды жегеннен кейін ішті қыздырады. Шөлдетеді. Суды ішейін деп барса, өзен қатып жатыр. Оны халықтың өзі ою керек еді. Өз малын суарып тұру керек еді.

**Дарын Шамұратов, Индер ауданы әкімінің орынбасары:   **

> -Өлген малдардан сынама алынып, облыстық мал дәрігерлік зертханасына жолданды. Өтемақы бойынша мәселелер тек қана қорытындысы шыққаннан кейін шешіледі.

---

Жарияланды: 2020-11-24T04:50:39+06:00

Жаңартылды: 2020-11-24T04:53:13+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/24/atyraw-oblysynda-mal-qyrylyp-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.