---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/24/aqsham-zhoghalyp-ketti-forte-bank-qosymshasynda-tehnikalyq-aqawlar-zhii-oryn-alwda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Ақшам жоғалып кетті»: Forte Bank қосымшасында техникалық ақаулар жиі орын алуда

![«Ақшам жоғалып кетті»: Forte Bank қосымшасында техникалық ақаулар жиі орын алуда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/xxl.jpg)

**Бүгін, 24 қараша күні ForteBank төлемдер жүйесінде ауқымды техникалық ақау орын алды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Клиенттерге қаржылық операциялар, атап айтқанда, ақша аудару, шоттағы ақшаны алу немесе толықтыру, банк карталарымен төлем жасау қолжетімсіз болды.

Барлық қойылған сұрақтарға ForteBank қызметкерлерінің бірі де мардымды жауап бере алмады.

Еске салсақ, кеше ғана Fitch Ratings ForteBank бойынша рейтингілер болжамын жақсартты. Fitch аналитиктерінің хабарлауынша: «ForteBank соңғы бірнеше жыл бойы тұрақты және негізді табыстылықты көрсетіп келеді. Бүгінгі жағдай бұл болжамды жоққа шыгарып отыр.

Олар қосымшаларын қалай жаңартқанын есіңізде ме? Дәлірек айтқанда, олар ескісін өшіріп, жаңасын іске қосты. Ақаулар туралы шағымданған клиенттер бұл туралы хабардар етілмеді. Ақаулардың болу себебі, жаңа қосымшаның толықтай дамымаған күйде пайдалана бастағаннан болды.

Содан кейін банк бұл ерекше қадам деп сылтау айтты. Клиенттердің жүйке жүйесін енді кім қалпына келтіреді?

#

---

Жарияланды: 2020-11-24T14:42:14+06:00

Жаңартылды: 2020-11-24T14:44:23+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/24/aqsham-zhoghalyp-ketti-forte-bank-qosymshasynda-tehnikalyq-aqawlar-zhii-oryn-alwda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.