---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/23/aebilqajyr-sqaqov-pavlodar-koeshelerindegi-qar-tazalaw-zhumysyn-tekserdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әбілқайыр Сқақов Павлодар көшелеріндегі қар тазалау жұмысын тексерді

![Әбілқайыр Сқақов Павлодар көшелеріндегі қар тазалау жұмысын тексерді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/201123073229650e.png)

**Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов және қала әкімі Ержан Иманслям облыс орталығының көшелерін аралап, қар тазалығының жұмысын тексерді, деп хабарлайды Qazaqpress  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Сқақов коммуналдық қызметтер және мердігерлік ұйымдар басшылары қарды уақытылы тазалау және қала сыртына шығару мәселесі жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

> — Біз мердігерлерден сапалы жұмыс талап етеміз. Қар түскеннен кейін қала 2-3 күн ішінде тазартылуы тиіс, көшелерде 10 күн бұрын жауған қалың қар әлі үйіліп жатыр. Көктайғаққа қарсы қоспаны шашу, жүру бөлігін қардан тазалау және көше бойын сыпыру бойынша мәселе жоқ, ал қарды полигондарға шығару бойынша жұмыстар орындалмаған. Коммуналдық қызметтерге қаланы қардан тазарту үшін ақы төленеді, оларға талапты дұрыстап қою керек, — деді Әбілқайыр Сқақов қала басшысына.

---

Жарияланды: 2020-11-23T05:19:36+06:00

Жаңартылды: 2020-11-23T05:19:36+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/23/aebilqajyr-sqaqov-pavlodar-koeshelerindegi-qar-tazalaw-zhumysyn-tekserdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.