---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/22/tomiris-kaskaderlardyng-oskaryn-zhengip-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Томирис» каскадерлардың «Оскарын» жеңіп алды

![«Томирис» каскадерлардың «Оскарын» жеңіп алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/tomiris-750x464-1.jpg)

**«Томирис» фильмі Каскадерлардың әлемдік академиясының «Таурус» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.**

> «Таурус» біздікі! Сіздермен үлкен қуанышымызбен бөліскіміз келеді. «Томирис» Каскадерлардың әлемдік академиясының «Таурус» сыйлығын жеңіп алды. Бұл каскадерлардың «Оскары» аталатын мәртебелі награда. Еліміздің тарихында алғаш рет қазақстандық фильм «Шетелдік фильмдегі трюк қойылымы» аталымында үздік деп танылды. Nomad Stunts-ке сенім артып, қолдау көрсеткен барлығыңызға рахмет! Ақан Сатаевқа және «Томирис» фильмінің бүкіл командасына рахмет!» — делінген NOMAD STUNTS каскадерлер тобының Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратта.

Nomad Stunts — бұл қазақстандық каскадер Жайдарбек Күнғожинов 2000 жылы құрған халықаралық кәсіби каскадерлер тобы.

---

Жарияланды: 2020-11-22T12:37:44+06:00

Жаңартылды: 2020-11-22T12:38:56+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/22/tomiris-kaskaderlardyng-oskaryn-zhengip-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.