---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/22/aqmola-oblysynda-qarawsyz-maldyng-kesirinen-40-koelik-apaty-bolghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақмола облысында қараусыз малдың кесірінен 40 көлік апаты болған

![Ақмола облысында қараусыз малдың кесірінен 40 көлік апаты болған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/zhol.jpg)

**Ақмола облысында автокөлік жолында бақылаусыз жайылып жүрген малдың кесірінен жол-көлік оқиғасы орын алып, жүргізуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.**

Ведомствоның мәліметінше, өңірдегі автокөлік жолдарының бойында бақылаусыз жайылып жүрген малдардың салдарынан жол-көлік оқиғалары жиі болады.

> «Мәселен, биылғы жылғы қарашаның 18-де «Зеренді-Щучинск» автожолында «Renault Logan» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі жолға шығып кеткен жылқыны қағып өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті», — деді ведомстводан.

Айта кету керек, көлік құралының иесі материалдық залалды өтеу үшін жол апатына себепкер жануардың иесінің үстінен азаматтық тәртіппен сотқа арыз беруіне құқысы бар. Жалпы, ағымдағы жылы Ақмола облысында қараусыз малдың қатысуымен 40-қа жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

---

Жарияланды: 2020-11-21T20:24:34+06:00

Жаңартылды: 2020-11-21T20:24:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/22/aqmola-oblysynda-qarawsyz-maldyng-kesirinen-40-koelik-apaty-bolghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.