---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/21/nur-sultandaghy-daemhanada-zharylys-boldy-bir-adam-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтандағы дәмханада жарылыс болды: бір адам қаза тапты

![Нұр-Сұлтандағы дәмханада жарылыс болды: бір адам қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/photo_74851.jpeg)

**Нұр-Сұлтандағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды****Tengrinews.kz.**

2020 жылдың 21 қарашасында сағат 12:25-те Нұр-Сұлтанның Төтенше жағдай департаментінің кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне дәмхананың бірінде газ баллоны жарылғаны туралы хабар түскен.

> «Өрт сөндіру есептоптарының келуі бойынша, үйдің ішінде бір қыз бен 15 газ баллоны бар екені анықталған. Нәтижесінде ас бөлмесіндегі шатыр құлап түскен», — дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Алдын ала мәлімет бойынша, дәмханадағы бір қыз үйінді астында қалып, оқиға орнында көз жұмған.

Оқиға орнында Нұр-Сұлтанның ТЖД өкілдері, Апаттар медицинасы орталығының 21 құтқарушысы мен 5 техника жұмылдырылған.

---

Жарияланды: 2020-11-21T08:58:43+06:00

Жаңартылды: 2020-11-21T08:58:43+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/21/nur-sultandaghy-daemhanada-zharylys-boldy-bir-adam-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.