---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/21/altaj-koelginov-gaz-ballony-zharylysynan-qaza-tapqan-qyzdyng-otbasyna-koemek-koersetiledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алтай Көлгінов: Газ баллоны жарылысынан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі

![Алтай Көлгінов: Газ баллоны жарылысынан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/a6690c4a17c41ac3472aea3e6bb94faf-720x375-1.jpg)

**Елордада дәмханадағы газ баллоны жарылуы салдарынан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.**

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.

> «Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін 24-51-71, 24-51-47 жедел желісі құрылды», — деді елорда әкімі.

Сонымен қатар, қала басшысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырғанын атап өтеді.

Бұған дейін елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адамның қаза тапқанын хабарлаған едік .

Қазіргі уақытта жарылыс салдарынан зардап шеккен 33 адамның аруханаларға жеткізілгені белгілі.

---

Жарияланды: 2020-11-21T15:20:01+06:00

Жаңартылды: 2020-11-21T15:21:08+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/21/altaj-koelginov-gaz-ballony-zharylysynan-qaza-tapqan-qyzdyng-otbasyna-koemek-koersetiledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.