---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/20/zhelide-taghy-da-koekten-w-shashty-degen-aqparat-taraj-bastady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Желіде тағы да көктен «у шашты» деген ақпарат тарай бастады

![Желіде тағы да көктен «у шашты» деген ақпарат тарай бастады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/2020111917294272526_2020111916552963084_d0-a1-d0-bd-d0-b8.jpg)

**Желіде көктен «химикат шашты» деген сипаттағы видео тарауда.****деп хабарлайды****Zakon.****kz.**

Бұл жолғы видеодағы «у шашушы» ұшақ Солтүстік Қазақстан облысы көгінен байқалған-мыс делінеді.

Stopfake.kz, шын мәнінде, бұл видеоның 2012 жылдың желтоқсанында түсіріліп, YouTube-та жарияланғанын айтады. Ту-204 ұшағының көкке көтерілген сәті Якутскіде түсірілген. Сол кезде ауа температурасы 45 градус аяз болған.

Оның артынан қалған із инверсия немесе конденсация деп аталады. Ол конденсацияланған ылғалдың – атмосфераның белгілі бір бөлігінде ұшу аппараттары соңынан атмосферада қалыптасатын тамшылар немесе мұз кристалдар.

– Бұл құбылыс тропосфераның жоғарғы қабаттарында жиі орын алады, ал тропопауза мен стратосферада өте сирек байқалады. Ауа температурасы төмен болғанда шағын биіктіктерде де байқалуы мүмкін, – делінген Википедияда.

Желі қолданушылардың ұшақтардың конденсациялық іздерін химикатпен шатастыруы бірінші рет емес.

 

---

Жарияланды: 2020-11-19T19:55:41+06:00

Жаңартылды: 2020-11-19T19:55:41+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/20/zhelide-taghy-da-koekten-w-shashty-degen-aqparat-taraj-bastady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.