---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/20/tiisti-tapsyrma-berdim-ongdasyn-orazalin-shoshqa-fermasyna-qatysty-pikir-bildirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Тиісті тапсырма бердім». Оңдасын Оразалин шошқа фермасына қатысты пікір білдірді

![«Тиісті тапсырма бердім». Оңдасын Оразалин шошқа фермасына қатысты пікір білдірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/7.jpeg)

**Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин шошқа фермасындағы жағдайға қатысты өз ойын білдірді.**

«Бестамақта болған жағдайға байланысты барлық құзырлы мекемеге тиісті тапсырма бердім. Қазір осыған қатысты арнайы комиссия құрылды. Олар жағдайды жіті тексеретін болады. Сондай-ақ, осы салаға жауапты орынбасарым мен эколог мамандар брифинг берді. Комиссия тексерісті аяқтаған соң, барлығын ашық баяндайтын болады. Арандатушылыққа жол бермейміз. Біздің басты жетістігіміз – береке мен бірлік, тыныштық. Ауызбіршілік танытайық, әбден істің байыбына барып, сабыр сақтап, құзырлы органдардың тексеру нәтижесін күтейік», — деп жазды облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Еске салсақ, 19 қараша күні Ақтөбе қаласының іргесіндегі Бестамақ ауылының жүз шақты тұрғыны наразылыққа шығып, ауыл іргесіндегі шошқа фермасының жабылуын талап етті.

---

Жарияланды: 2020-11-20T07:38:09+06:00

Жаңартылды: 2020-11-20T07:38:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/20/tiisti-tapsyrma-berdim-ongdasyn-orazalin-shoshqa-fermasyna-qatysty-pikir-bildirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.