---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/20/saedwaqas-bajghabylov-almatynyng-bas-sanitarlyq-daerigerining-orynbasary-bolyp-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сәдуақас Байғабылов Алматының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды

![Сәдуақас Байғабылов Алматының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/unnamed-1.jpg)

**Сәдуақас Байғабылов Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды**, **деп хабарлайды****Zakon.kz.**

> -Бүгіннен бастап Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалдым, — деді ол.

Бұған дейін ол ҚР Көліктегі бас санитарлық дәрігері қызметін атқарған.

Ол 2019жылы қарашада Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық қызметінен босатылды. Ал 2020 жылдың қаңтарында оның ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаментінің бастығы — Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер болып бекітілгені белгілі болды. Осы жылы 13 шілдеде Атырау облыстық бас санитарлық қызметіне тағайындалды, алайда екі аптадан кейін ол бұрынғы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметіне оралған еді.

---

Жарияланды: 2020-11-20T10:18:31+06:00

Жаңартылды: 2020-11-20T10:18:31+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/20/saedwaqas-bajghabylov-almatynyng-bas-sanitarlyq-daerigerining-orynbasary-bolyp-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.