---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/19/saghyntaev-kaesipkerlerdi-karantin-sharalaryn-saqtawgha-shaqyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сағынтаев кәсіпкерлерді карантин шараларын сақтауға шақырды

![Сағынтаев кәсіпкерлерді карантин шараларын сақтауға шақырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/2020080814024522121_mowcpwab3tmcrlw5qmau.jpg)

**«Алматы» телеарнасының Akimat Live тікелей эфир барысында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлерді карантин шектеулерін қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.**

Тікелей эфир барысында Бақытжан Сағынтаев қаладағы 32 мониторинг тобы белгіленген шектеудің сақталуын қадағалайтынын еске салды. 8 қазан мен 17 қараша аралығында 444 рейд жүргізіліп, 3,6 мыңға жуық нысан тексерілді.

Тексеру барысында 828 нысанда (22,5%) талапты сақтамау анықталды, 90 заңды тұлғаға 28,7 млн теңге көлемінде 453 әкімшілік айыппұл салынды. Маска режимін бұзған жеке тұлғаларға 15,5 млн теңгеге айыппұл салынып, 374 әкімшілік хаттама толтырылды.

> «Алда күрделі кезең тұр, ауру өрши түсетін болады. Вакцина пайда болғанша біз санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға тиіспіз», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Мегаполис әкімі ойын сауық және қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес өкілдерін осынау күрделі кезеңде ынтымақтастық танытуға бір қадам жасауға шақырды.

> «Егер біз бір-бірімізге көмектеспесек, кемшілік жалғасады, яғни коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артады. Сондықтан кәсіпкерлер карантинге қатысты белгіленген жұмыс кестесін сақтау қажет», — деп атап өтті Б. Сағынтаев.

---

Жарияланды: 2020-11-18T19:06:18+06:00

Жаңартылды: 2020-11-18T19:06:18+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/19/saghyntaev-kaesipkerlerdi-karantin-sharalaryn-saqtawgha-shaqyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.