---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/19/2021-zhylghy-byudzhet-zhosparynda-42-500-tengge-toelemi-qarastyrylmaghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 2021 жылғы бюджет жоспарында 42 500 теңге төлемі қарастырылмаған

![2021 жылғы бюджет жоспарында 42 500 теңге төлемі қарастырылмаған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/photo_320617.jpeg)

**Сенат депутаттары** **Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов****тен 2021 жылы пандемия өршіп, қатаң карантин жарияланған жағдайда табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге берілетін-берілмейтіндігі туралы с****ұрады.**

Сенатта «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарастыру барысында депутат Алтынбек Нұхұлы осы мәселені көтерді.

> «Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елде ауру жұқтырған адамдардың тәуліктік саны күрт көбейіп, орта есеппен 600 адамды құраған. Бұл — алаңдатарлық жағдай. Егер 2021 жылы елімізде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталмаса, жұмысын уақытша тоқтатқан және табысын жоғалтқан азаматтарды қолдау тетіктері қандай болады? Осы мақсаттар үшін заң жобасында қаражат қарастырылмаған», — деді ол.

Депутаттың бұл сауалына министр былай деп жауап берді:

> «Заңға сәйкес, мемлекеттік сақтандыру қорынан 5 әлеуметтік төлем тағайындалады. Пандемия кезінде қор әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты: ауруға шалдыққандарға 476 миллиард теңге қаралды, ал денсаулық сақтау қызметкерлеріне тағы 20,5 миллиард теңге төленді. Бұл шығындар қорға аударымдар түрінде түскен ақшадан 3 есе көп. Қазір 1,3 трлн теңгенің активтері бар, қаржылық жағдайды бағалау бойынша қордың жағдайы 2039 жылға дейін тұрақты болады.
> 
> 
> 
> 
> Пандемияның күрделенуіне қатысты ел президенті індетті осы көктемдегідей қатаң карантинге жеткізбей тежеуді тапсырғанын білесіздер. Өз кезегінде экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда үкіметтің, ұлттық банктің және қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлесіп бекіткен іс-қимыл жоспары бар. Сол жоспар аясында жұмыспен қамту шаралары және халықты әлеуметтік қолдау шаралары да қарастырылған», — дейді министр.

---

Жарияланды: 2020-11-19T07:45:14+06:00

Жаңартылды: 2020-11-19T07:45:14+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/19/2021-zhylghy-byudzhet-zhosparynda-42-500-tengge-toelemi-qarastyrylmaghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.