---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/18/bqo-da-140-mln-tengge-zhymqyrghan-kaesiporyn-direktory-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# БҚО-да 140 млн теңге жымқырған кәсіпорын директоры ұсталды

![БҚО-да 140 млн теңге жымқырған кәсіпорын директоры ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/00f1670a-b439-4bd6-aefe-837f44b1f249.jpg.850x445_q82_crop.jpg)

**Батыс Қазақстан облысында бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікпен кәсіпорындардың бірінің директоры ұсталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.**

Өңірлік экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 189 «Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену және талан-таражға салу» және 245 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтару» баптары бойынша қылмыс жасады деген күдікпен кәсіпорын басшысын ұстады.

> «Ол мемлекеттік сатып алулардың қатысушысы бола отырып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына бөлінген 143 миллион теңгеден астам (334,1 мың доллар) бюджет қаражатын жымқырған», — деп хабарлады қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тергеу мәліметі бойынша, күдікті 2017-2018 жылдары салық төлеуден жалтарған. Салдарынан қарыз сомасы 1,5 миллиард теңгеден (3,5 миллион доллар) асқан. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.

---

Жарияланды: 2020-11-18T10:11:02+06:00

Жаңартылды: 2020-11-18T10:11:02+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/18/bqo-da-140-mln-tengge-zhymqyrghan-kaesiporyn-direktory-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.