Вагонға саудагер әйелдер емін-еркін кіріп-шығып жүр. Ашулы жолаушы желіге видео жүктеді

Вагонға саудагер әйелдер емін-еркін кіріп-шығып жүр. Ашулы жолаушы желіге видео жүктеді

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов Семей-Нұр-Сұлтан пойызындағы стихиялық сауда туралы шағымға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Семей қаласының тұрғыны жолаушылардан ПТР-анықтаманы талап еткенде зордай пойыз вагондарына саудагерлердің емін-еркін кіріп-шығып жүргендігіне шағымданады.

— COVID-19-қа қойылатын шектеулі карантиндік шараларды ескере отырып, теміржолда өздігінен сауда жасауға тыйым салынғанын ескеру қажет. Сондай-ақ, қосымша шектеулерге сәйкес, Шығыс Қазақстаннан Қазақстанның басқа аймақтарына қатынайтын пойыздарға ПТР-анықтамасыз отыруға болмайды, — деді Байғабұлов.

Құқық бұзушылық фактілері бойынша пойыз бастығы мен вагон кондукторына қатысты әкімшілік шаралар қолданылатыны да хабарланды.