---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/17/laejlae-sultanqyzy-tanymal-braziliyalyq-fwtbolshymen-kezdesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ләйлә Сұлтанқызы танымал бразилиялық футболшымен кездесті

![Ләйлә Сұлтанқызы танымал бразилиялық футболшымен кездесті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/335be5b963362744.jpeg)

**Танымал қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Дубайда «Арсенал» футболшысы Виллиан Боржес да Силвамен көрісті, деп хабарлайды****KAZ.NUR.KZ****.**

Белгілі бразилиялық аяқдопшы да Біріккен Араб Әмірліктеріне отбасымен демалуға барған.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісінде Дубайдағы демалысының қызықтарымен әлі де бөлісуде. Ақпарат өкілі Біріккен Араб Әмірліктерінде ойламаған жерден әйгілі футболшы Виллиан Боржес да Силвамен кездесіп қалған.

Оның айтуынша, бразилиялық спортшы Дубайда келіншегі мен егіз қызымен бірге демалып жатыр.

Қазақстандық тележүргізуші англиялық «Арсеналдың» үздік ойыншыларының бірімен естелікке суретке түсіп, оны өз парақшасында жариялап қойған.

Белгілі болғандай, Ләйлә Сұлтанқызының екі ұлы да футболды қатты жақсы көреді. Балаларының қызығушылығының арқасында жұлдызды ана да спорттың бұл түрінен біраз нәрсені білетін болған.

«Күшті, мен де бұл ойыншыны кезіктіргім келеді», «Недеген қарапайым футболшы. «Челси» сапында жақсы ойын көрсететін еді», «Ұлдарыңыздың арқасында футболдан хабарым бар дейсіз ғой», «Мықтысыз Ләйлә ханым. Футболшыны танып қойғаныңыздың өзі көп нәрсені дәлелдейді», «Виллианды көрген де, көрмеген де бар», «Виллианды кезіктіру менің асқақ арманым», «Қандай бақыттысыз. Бұл ойыншыларды көре алмай жүргендер қаншама көп», — деп жазды желідегілер.

---

Жарияланды: 2020-11-17T08:51:26+06:00

Жаңартылды: 2020-11-17T08:51:26+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/17/laejlae-sultanqyzy-tanymal-braziliyalyq-fwtbolshymen-kezdesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.