---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/17/almatyda-tuende-qalyng-qar-saldarynan-30-zhol-apaty-bolghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда түнде қалың қар салдарынан 30 жол апаты болған

![Алматыда түнде қалың қар салдарынан 30 жол апаты болған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/unnamed.jpg)

**Түнде Алматыда қалың қар салдарынан 30 жол апаты болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz. **

Осыған байланысты қалалық полиция департаменті жүргізушілерге үндеу жасады.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғалары сағат 21.00 мен 6.00 аралығында болған.

Жол апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелмеген. Дегенмен ведомстводағылар жүргізушілерден абай болуды сұрайды.

> «Полиция жүргізушілерге үндеу жасай отырып, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өзара құрмет пен тәртіп — жолдардағы қауіпсіздіктің кепілі. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырамыз», — деді Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, кейінгі тәулікте Алматыда қалың қар жауған болатын. 16 қараша күні сағат 17.00-де жауа бастаған қар 17 қараша сағат 04.20-да тоқтаған Осы аралықта қалада 4-5 сантиметр, таулы аудандарда 8-10 сантиметрге дейін қар түскен.

---

Жарияланды: 2020-11-17T08:58:07+06:00

Жаңартылды: 2020-11-17T08:58:07+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/17/almatyda-tuende-qalyng-qar-saldarynan-30-zhol-apaty-bolghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.