---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/16/ii-toqsan-mektepte-bilim-alwdyng-erezhesi-oezgerdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ІІ-тоқсан: Мектепте білім алудың ережесі өзгерді

![ІІ-тоқсан: Мектепте білім алудың ережесі өзгерді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/coronavirus-23.jpg)

**Алайда өтініш білдірген оқушылардың бәрі бірдей мектепке бара алмайды. Кезекші сыныпқа барудың өз талабы бар, деп хабарлайды [«Хабар-24»](https://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/436421-almatyda-tinish-bildirgen-o-ushyny-barly-y-birdej-kezekshi-klas-a-barmajdy).**

*Гүлжан Көленқызы, тілші:*

> — Қазір біз Жетісу ауданындағы № 112 жалпыға білім беретін мектепте тұрмыз. Бұл — 5 сыныптармен бірге бастауыштың кезекші сыныптары дәстүрлі форматта білім алып жатқан жалғыз мектеп. Бүгіндері мұнда 5-сыныптың 45 баласын қамтитын 4 кезекші сынып ашылған. Мұнда балалар мектептке кіре берісте арнайы дизенфекциялаушы құрылғыдан өтіп, дене қызуын өлшетеді. Айта кетсек, жалпы қала бойынша 5-сыныпта сабақ оқуға ата-аналардан 600-ден аса өтініш келіп түскен. Бірақ барлық бала кезекші сыныптарға бара алмайды. Оның өз талабы бар.

*Салтанат Құсайынова, Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы:*

> — Жалпы, кезекші сыныптарға балаларды қабылдау алдында жалпы ата-аналар өтініш білдіреді. Созылмалы ауруы бар балаларды қабылдауға рұқсат етілмейді. Кезекші сыныптарда білім алу қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша жүзеге асырылады. Алматы қаласы бойынша қыркүйек айынан бастап Көлсай және Сұлусай шағын аудандарында орналасқан № 194 және № 197 мектептерде сабақ штаттық жағдайда басталды. Енді ІІ-тоқсаннан бастап қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша төрт мектепте сабақ қалыпты жағдайда басталады. Бала саны 300-ге толмаған мектептерге рұқсат етілді.

Жалпы, қала бойынша мектептерде 1597 кезекші сыныптар ашылған, оларда 20 мыңнан астам бала білім алып жатыр.

---

Жарияланды: 2020-11-16T09:03:57+06:00

Жаңартылды: 2020-11-16T09:03:57+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/16/ii-toqsan-mektepte-bilim-alwdyng-erezhesi-oezgerdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.