---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/12/the-times-sherlok-holmsty%d2%a3-londonda%d2%93y-%d2%afji-nazarbaevty%d2%a3-%d2%9byzy-men-nemeresini%d2%a3-ieliginde/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# The Times: Шерлок Холмстың Лондондағы үйі Назарбаевтың қызы мен немересінің иелігінде

![qazaqpress.kz](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/2-2.jpg)

**Бейкер көшесінде орналасқан осы үйлердің бірінде Артур Конан Дойлдың роман циклінің ойдан шығарылған кейіпкері Шерлок Холмс “өмір сүрген”. Бұл туралы [Times](https://www.thetimes.co.uk/article/strange-case-of-dariga-nazarbayeva-mystery-owner-of-sherlock-holmess-baker-street-address-23q7c2fpl) басылымына сілтеме жасап centralasia.media [хабарлады.](https://centralasia.media/news:1660323)**

Кейінгі бірнеше жылда Бейкер көшесіндегі, 221b үйдің иесі туралы әртүрлі қауесет тараған. Журналистер Назарбаев отбасының Бейкер-стрит бойынша 215-тен 237-ге дейінгі пәтерлерге иелік ететінін анықтаған. Мүліктің жалпы құны шамамен 140 миллион фунт стерлинг (шамамен 80 миллиард теңге). Мүліктің 90%-ы Дариға Назарбаеваға, ал 10%-ы оның ұлы Нұрәлі Әлиевке тиесілі.

Қазір жылжымайтын мүлік пен жер Fairmont Baker Street Limited компаниясының атында. Компания мүлікті 2005 жылы 140 миллион фунтқа (185 миллион доллар) сатып алған.

![](http://kazaknews.kz/wp-content/uploads/2020/11/1.jpg)Лондон қаласы Бишоп даңғылындағы Әлиевтер отбасының үйі. Photo: BBC

![](http://kazaknews.kz/wp-content/uploads/2020/11/3.jpg)

![](http://kazaknews.kz/wp-content/uploads/2020/11/4.jpg)Алиевтер отбасының Челсидегі пәтері.

Көктемде Ұлыбритания билігі Назарбаева мен Нұрәлі Әлиевке тиесілі жылжымайтын мүлікті арестке қойған. BBC мәліметінше, олар екі үй мен пәтерді үш офшор арқылы 100 миллион долларға сатып алған.

Маусым айында Мәскеуде құны 230 миллион рубль тұратын пәтердің  Назарбаеваға тиесілі екені белгілі болды.

Дариға Назарбаева – Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. Ол 2019-2020 жылдары сенат спикері лауазымында болған.

---

Жарияланды: 2020-11-12T04:44:57+06:00

Жаңартылды: 2020-11-12T04:45:06+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/12/the-times-sherlok-holmsty%d2%a3-londonda%d2%93y-%d2%afji-nazarbaevty%d2%a3-%d2%9byzy-men-nemeresini%d2%a3-ieliginde/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.