---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/12/%d2%b1ltty%d2%9b-%d2%9b%d2%b1ramany%d2%a3-kapitany-islamhannan-doping-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлттық құраманың капитаны Исламханнан допинг табылды

![qazaqpress.kz](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/3727e2aadc3febca226e14fa93bbff1c5e21a05518272778408318.jpg)

18 қыркүйек күні БАӘ футбол клубы Аль-Айн командасының ойыншысы Бауыржан Исламхан Азия Чемпиондар лигасында “Аль-Садд” командасына қарсы ойын көрсетті. Алаңда Бауыржан 68 минут өнер көрсетті. Матчтан кейінгі тесттің нәтижесі Бауыржанға және оның командасына білдірілді. Алайда, “Аль-Айн” командасы бұл мәселеге қатысты әлі нақты ақпарат берген жоқ.  Бірақ Исламхан футболдан шеттетілуі мүмкін.

Қазақстан Футбол Федерациясы бұл оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады:

*“Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан да көмекке келе алмайды. Азия чемпиондар лигасының ойынынан кейін футболшының тапсырған допинг сынағында тыйым салынған препарат табылған. Ол уақытша ресми ойындарға қатыспайды.”- деп ресми сайтқа [жариялады.](http://kff.kz/kk/news/23393)*

Бұған дейін Исламхан УЕФА аясында өтетін турнирлердің алдында бірнеше рет допинг тест тапсырған. Бірақ ол кезде футболшыдан ешқандай допинг табылмаған.

---

Жарияланды: 2020-11-12T04:43:34+06:00

Жаңартылды: 2020-11-12T04:43:34+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/12/%d2%b1ltty%d2%9b-%d2%9b%d2%b1ramany%d2%a3-kapitany-islamhannan-doping-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.