---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/11/bajdendi-prezident-to%d2%9baev-%d2%9b%d2%b1tty%d2%9btady-nazarbaev-eske-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Байденді президент Тоқаев құттықтады, Назарбаев еске алды

![qazaqpress.kz](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/0dc8aa93-fadb-4a39-9006-d5c9929cb22c_w1023_r1_s.jpg)

**7 қараша күні АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Джозеф Байденге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жолдады.**

Президент Тоқаев өзінің Twitter парақшасында Байденге ағылшынша құттықтау **[жазды.](https://twitter.com/TokayevKZ?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1325152677429309443%7Ctwgr%5Eshare_3&#038;ref_url=https%3A%2F%2F24.kz%2Fkz%2Fzha-aly-tar%2Fsayasat%2Fitem%2F434752-asym-zhomart-to-aev-dzho-bajdendi-zhe-isimen-tty-tady)** Ол жаңадан сайланған президентке табыс тілеп, екі елдің арасындағы байланыстың нығаятынына сенім білдіретінін айтты.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Джозеф Байденге жіберген жеделхатында оны АҚШ президенті лауазымына сайлануымен **[құттықтады.](https://elbasy.kz/kk/news/2020-11/elbasy-dzhozef-baydenge-amerika-kurama-shtattarynyn-prezidenti-bolyp-saylanuyna)**Назарбаев Байденге сәттілік тілеп,2010 жылы Вашингтонда ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында өткен кездесуді, сондай-ақ олардың арасындағы телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өтті. 

---

Жарияланды: 2020-11-11T05:30:58+06:00

Жаңартылды: 2020-11-11T05:30:58+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/11/bajdendi-prezident-to%d2%9baev-%d2%9b%d2%b1tty%d2%9btady-nazarbaev-eske-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.