---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/01/vexas-dep-atalatyn-zhanga-qauipti-auru-pajda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# VEXAS деп аталатын жаңа қауіпті ауру пайда болды — Ғалымдар

![VEXAS деп аталатын жаңа қауіпті ауру пайда болды — Ғалымдар](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/ui-5f9e6e4b1dc4c9.30546933.jpeg)

**Ғалымдар ер адамдарды өлімге әкелетін жаңа ауру түрінің пайда болғанын айтады. Бұл туралы The New England Journal of Medicine журналында жарияланған мақалада айтылады, деп хабарлайды РИА Новости.**

VEXAS деп аталатын жаңа синдром анықталған жағдайлардың 40 пайызында науқастың қайтыс болуы мүмкін екені айтылады.

Ғалымдардың айтуынша, бұл синдром пайда болған кезде науқастарда қызба мен белсенді тромбоздар пайда болып, өкпе тіндеріндегі қабыну процесі асқынады.

Мамандар бұл ауруды X хромосомасында орналасқан UBA1 генінің соматикалық мутациясымен байланыстырады. Зерттеу аясында мутация 25 ер адамда анықталған, ол аяқталғаннан кейін тағы 25 ер адамнан анықталған екен.

Ғалымдардың пікірінше, алдағы уақытта науқастардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

*Түпнұсқасы: [Tengrinews.kz](https://kaz.tengrinews.kz/densaulyq/galyimdar-jana-kaupt-aurudyin-payda-bolganyin-eskertt-314982/)*

---

Жарияланды: 2020-11-01T09:04:42+06:00

Жаңартылды: 2020-11-01T09:04:42+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/01/vexas-dep-atalatyn-zhanga-qauipti-auru-pajda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.