Қазақстанда коронавирус пневмониясынан бір адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан бір адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустың белгілері бар пневмониямен 216 адамның науқастанғаны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Сонымен қатар, осы дерттен 1 адам қайтыс болды, 77 адам жазылып кетті.

Биылғы жылдың 1 тамызынан бері елде коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 37962 адамды құрады, 402 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 28787 адамға жетті.