---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2020/11/01/bekzat-nurdaeuletov-kaesipqoj-bokstagh/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады

![Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/200065_6e4cff2b27a669f92a2d9ef7cff3aad3.jpg)

**Әуесқой бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.**

Отандасымыз Атырауда өткен бокс кешінде танзаниялық қарсыласы Ибрагим Маоколаны екінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша, маңғыстаулық спортшы кәсіпқой бокстағы бірінші жеңісіне қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, пандемияға байланысты әуесқой бокста жарыстар уақытша тоқтатылған болатын. Сол себепті Нұрдәулетов кәсіпқой рингте кездесу өткізуді жөн көрді. 22-жастағы боксшымыз үшін әлі де басты мақсат — Токио Олимпиадасын жеңу.

---

Жарияланды: 2020-11-01T08:37:04+06:00

Жаңартылды: 2020-11-01T08:37:04+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2020/11/01/bekzat-nurdaeuletov-kaesipqoj-bokstagh/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.